Таяу Шығысқа сапарлауға тырысып жатқандар әлі де бар – СІМ ескерту жасады

100

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған тиісті нұсқаулықты жариялады.

Таяу Шығысқа сапарлауға тырысып жатқандар әлі де бар – СІМ ескерту жасады Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі аталған өңірде белсенді әскери іс-қимылдар тоқтағанша бірқатар мемлекетке сапарлаудан бас тартуды үндеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, Бірікке Араб Әмірліктері, Оман және Сирияға барудан бас тартуды ескертеміз. Осы өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, зымыран құлауы қаупі болған жағдайда паналау орындарына баруға, сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі мекемелерімен және туроператорлармен, әуе тасымалдаушылармен тұрақты байланыста болу қажеттігін ескертеміз, – деді Ерлан Жетібаев министрліктегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, бұған дейінгі ескертулерге қарамастан, кейбір адамдар аталған өңірдегі елдерге сапарлауға әрекеттеніп жатыр.

– Жағдай толық тұрақтанғанға дейін мұндай сапарларды жоспарлаудан бас тарту керек, – деді ресми өкіл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу