Таяу Шығысқа ұшатын рейстер уақытша тоқтатылды

164

Қазақстанның Азаматтық авиация әкімшілігі Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіндегі рейстерді толық тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Таяу Шығысқа ұшатын рейстер уақытша тоқтатылды Фото: canva

28 ақпанда Air Astana әуе компаниясының Алматы Медина, Алматы – Дубай, Алматы – Доха, Астана – Дубай рейстері әуежайға кері қайтарылды. Ал Алматы Дубай рейсі Дели қаласына бағытталды. FlyArystan әуе компаниясының Ақтау - Дубай рейсі қосалқы әуежайға қондырылды. SCAT әуе компаниясының 28 ақпан және 1 наурыз күндеріне арналған кестесінде бұл бағытта рейс жоқ.

Рейстегі өзгерістерді әуе компанияларының ресми сайттары мен колл-орталықтары арқылы білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу