Таяу Шығыстағы 10 елде сайлау учаскесі жабылды – ҚР СІМ

197

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.    

Таяу Шығыстағы 10 елде сайлау учаскесі жабылды – ҚР СІМ Фото: gov.kz

Қазақстан бірқатар елдегі қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты шетелде орналасқан 11 дауыс беру учаскесінің жұмысын уақытша тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрлік өкілінің айтуынша, мұндай шешім Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстың ушығуына, сондай-ақ Украина мен Эфиопиядағы қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне байланысты қабылданған.

– Уақытша жабылатын учаскелер Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанында орналасқан. Олар: Иран, Израиль, Иордания, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия, – деп мәлімдеді Ерлан Жетібаев.

Бұдан бөлек, Дубай қаласындағы Қазақстан консулдығы жанындағы дауыс беру учаскесі де уақытша жұмыс істемейді.

Жалпы референдум кезінде шетелде 54 елде орналасқан 71 дауыс беру учаскесі жұмыс істейтін болады. Қазақстаннан тыс жерде дауыс беруге құқылы азаматтардың жалпы саны 14 230 адамды құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу