Таяу Шығыстағы қақтығысқа АҚШ та әскер кіргізуі мүмкін

345

Себебі Израиль кейінгі 48 сағат бойы АҚШ Президенті Дональд Трампты Иранға қарсы әскери қимылдарға қосылуға шақырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Таяу Шығыстағы қақтығысқа АҚШ та әскер кіргізуі мүмкін Фото: zvo.ric.mil.ru

Axios басылымының хабарлауынша, екі елдің бірігуі "Иранның ядролық бағдарламасын жою үшін" қажет. 

Басылым екі жоғары лауазымды израильдік дереккөзге сілтеме жасай отырып, Израильде Иранның Фордоудағы жерасты уран байыту зауытын жоюға қажетті бункерлер мен ірі бомбалаушы ұшақтар жоқ, ал АҚШ-та бар деп хабарлайды. 

13 маусымға қараған түні Израиль Иран аумағына жаппай соққы жасаған. Оған жауап ретінде Тегеран жүзден астам дронды Израиль бағытына ұшырған. Иран Натанздағы ядролық нысанның зақымданғанын растаған. Енді екі тараптың араздығы бүкіл әлем назарын аудартып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу