Таяу Шығыстағы шиеленістің бәсеңдеуінен мұнай арзандап жатыр

1178

Brent сұрыпты мұнайдың баррелі 64,98 доллар болды.   

Таяу Шығыстағы шиеленістің бәсеңдеуінен мұнай арзандап жатыр

Дегенмен аймақтағы жағдай толықтай тұрақталды деуге келмейді. Қазір Иранда үкіметке қарсы ереуілдер өтіп жатыр. 

Шикізат құны желтоқсанның ортасындағы деңгейге қайта оралды. АҚШ пен Қытай болса, осы аптада сауда келіссөздерінің бірінші кезеңіне тиесілі құжатқа қол қоймақ. 

AxiTrader сарапшысы Стивен Иннестің айтуынша, осы аптада америкалық мұнай қорына қатысты мәлімет жарияланғаннан кейін, "қара алтынның"  бағасы өзгеруі мүмкін. 
Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2020 жылдың наурызындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнайдың баррелі 64,98 доллар болды.   
Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында ақпандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 6 центке көтеріліп, баррелі 59,10 долларды құрады.

Соғыс қаупі сейілгенімен, АҚШ пен Қытай қарым-қатынасы қайшылықтарға толы. Тегеран уран байыту бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартып отыр, ал Вашингтон Иранға қарсы жаңа санкциялар салды. Колумбия университетінің жаһандық энергетикалық саясат жөніндегі орталығының басшысы Джейсон Бордофтың пікірінше, Иранның тағы да шабуыл жасап қалуы әбден мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу