Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуынан бағалы металдар арзандады

96

Аймақтағы ахуал қашан реттелетіні әзірге белгісіз.  

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуынан бағалы металдар арзандады Фото: today.line.me

Таяу Шығыстағы жаңа шиеленіс аясында бағалы металдардың құны арзандап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

Мәскеу уақыты бойынша сағат 11:17-де Comex биржасында маусым айындағы алтын фьючерстері 1,5%-ға арзандап, унциясы 4805,7 долларға дейін түсті. Күміс фьючерстері 3%-ға төмендеп, унциясы 79,35 доллар болды. Ал платина 2,9%-ға арзандап, унциясы 2080 долларға жетті.

Өткен аптаның аяғында Иран Ормуз бұғазын коммерциялық кемелер үшін ашқаннан кейін бағалы металдар бағасы айтарлықтай өскен болатын. Бірақ сенбі күні жағдай өзгерді. Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазын қайтадан жапты. Жексенбі күні АҚШ-тың әскери күштері Оман шығанағында Иран туымен жүрген жүк кемесін ұстап алғаны белгілі болды.

Ирандық БАҚ-тың ақпаратына сәйкес, Тегеран АҚШ-пен келіссөздердің жаңа раундынан бас тартты. Геосаяси шиеленіс әлемдік нарықта мұнай мен газдың қымбаттауына әкелді. Бұл жағдай АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесінің ақша-несие саясатына да әсер етіп отыр.

Saxo Bank сарапшыларының айтуынша, алтын бағасының әлсіреуі доллардың нығаюымен байланысты. Сонымен қатар бұған энергия тасымалдаушылары бағасының қымбаттауынан инфляция жеделдеуі мүмкін деген алаңдаушылық та ықпал еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу