Көлік министрлігінің мәліметінше, 7 наурыздан 8-іне қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындап, елге 1 786 жолаушыны жеткізді.
Жалпы, 3 наурыздан бері 37 рейс жүзеге асырылып, 6 254 қазақстандық елге оралды.
Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу