Таяу Шығыстан азаматтарды эвакуациялау: рейстер саны 27-ге жетті

92

Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыс елдерінен елге қайтару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Таяу Шығыстан азаматтарды эвакуациялау: рейстер саны 27-ге жетті Фото: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ отандық және шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстарын жалғастыруда.

2026 жылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша өңірдегі жағдайдың шиеленісуі басталғаннан бері Қазақстанға 27 рейс орындалып, 4 659 жолаушы елге жеткізілді.

2026 жылғы 5 және 6 наурыз күндері 4 әуе компаниясы 15 рейс орындап, 2 549 жолаушыны тасымалдады.

"Эйр Астана" әуе компаниясы Джидда – Атырау – Алматы бағыты бойынша 3 рейс орындады. SCAT әуе компаниясы Маскат – Алматы бағыты бойынша 1 рейс орындады. FlyDubai әуе компаниясы Дубай – Алматы бағыты бойынша 5 рейс және Дубай – Астана бағыты бойынша 2 рейс орындады. Сондай-ақ Air Arabia әуе компаниясы Шарджа – Алматы бағыты бойынша 4 рейс орындады", – делінген хабарламада.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары өңірдегі ағымдағы жағдайды ескере отырып жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу