Таяуда төменгі палата таратылады ма?

498

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер сауалына жауап берген Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Арман Қожахметов төменгі палатаның жақын арада таратылуы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп жазады inbusiness.kz.  

Таяуда төменгі палата таратылады ма? Фото: parlam.kz

Оның дерегінше, Мәжілістің таратылатыны туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтқан болатын.

 "Осы жылдың бірінші жартысында тиісті шешім қабылданатыны мәлім болды. Атап айтқанда, нормативтік-құқықтық база дайындалды, сондай-ақ тиісті заңдарға сайлауға қатысты түзетулер де енгізілді. Сондықтан жақын арада тиісті қадамдар жасалуы мүмкін", - деді Арман Қожахметов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу