"Таза Қазақстан" акциясына 1 миллионнан астам адам қатысты

293

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Таза Қазақстан" акциясына 1 миллионнан астам адам қатысты Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Жасыл аймақ" апталығы аясында бүкіл ел бойынша 330 мыңнан астам көшет отырғызылып, 500-ден астам саябақ мен алаң абаттандырылды.

Астанада Мемлекет басшысы волонтерлер, жастар ұйымдарының көшбасшылары, креативті индустрия және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен бірге ағаш отырғызды. "Таза Қазақстан" акциясы аясында 8-27 сәуір аралығында аймақтарда 5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, оған 1 млн-нан астам адам қатысты.

29 сәуір мен 4 мамыр аралығында қарттар үйі, ардагерлер, жұмыс барысында қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы тұратын үйлер аумағын абаттандыруға бағытталған "Өнегелі ұрпақ" тақырыптық апталығы жоспарланып отыр.

Іс-шаралар Жамбыл облысында 29 сәуірге, Алматыда 30 сәуірге, Ақтөбе облысында 1 мамырға, Шымкентте 2 мамырға, Қостанай облысында 3 мамырға, Түркістан облысында және басқа өңірлерде 4 мамырға жоспарланған. Жастар ресурстық орталықтары, ұйымдар, волонтерлік қоғамдастықтар акция шеңберінде өткізілетін барлық іс-шараға белсенді қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу