"Таза Қазақстан": елордада 83 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

81

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Таза Қазақстан": елордада 83 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды Фото: Polisia.kz

Қоқысты заңсыз тастау, рұқсат етілмеген жерлерге ағынды суларды төгу, қоршаған ортаны ластауға байланысты басқа да заң бұзушылықтар басты назарда болды. Акция басталғалы бері 485 жүк және 239 ассенизатор көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәселен, Тұран даңғылы бойында 29 жастағы КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі нәжіс қалдықтарын нөсерлік кәріз жүйесіне төгіп, абаттандыру қағидаларын бұзған. Осындай құқық бұзушылыққа жол берген ұйым жауапкершілікке тартылды.

Полиция абаттандыру ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігімен және "109" бірыңғай анықтама қызметімен бірлесіп рейдтер жүргізіп жатыр. Алдын алу шаралары ұйымдастырылып, азаматтармен табиғатты қорғау заңнамасын сақтаудың маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу