Полиция ел бойынша 4 мыңға жуық заңсыз қоқыс орнын анықтады

172

664 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Полиция ел бойынша 4 мыңға жуық заңсыз қоқыс орнын анықтады Фото: canva

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ішкі істер министрлігі "Таза Қазақстан" бағдарламасын іске асыру аясында 2024 жылдың 15 сәуірінен бастап республика аумағында тұрмыстық қатты және құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленбеген орындарға тастауға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды полигондардан тыс жерлерге төгуге жол бермеу бойынша акция өткізіп жатыр.

Жалпы шамамен 4 мыңға жуық стихиялық қоқыс орны анықталып, Жергілікті атқарушы органдарға заң бұзушылықтарды жою жөнінде 2834 ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде 2295 қоқыс орны жойылды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 1419 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу