Тазалық талаптарын бұзғандарға 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды

359

Келес ауданында тазалық талаптарын бұзғандарға ескерту жасалды.  

Тазалық талаптарын бұзғандарға 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды Фото: gov.kz

"Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Түркістан облысының Келес ауданында санитарлық тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы рейдтік іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кезекті тексеруді аудандық полиция қызметкерлері мен Абай ауылы әкімдігі аппаратының мамандары жүргізді.

Рейд барысында өзіне тиесілі аумақты қоқыстан тазаламаған және абаттандыру талаптарын сақтамаған кәсіпкерлер мен тұрғындарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша ресми ескерту берілді.

Жауапты мекемелер заңда белгіленген мерзімде кемшіліктер жойылмаған немесе құқық бұзушылық қайталанған жағдайда әкімшілік айыппұл салынатынын ескертті.

Жыл басынан бері Келес ауданында ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша жалпы сомасы 9,9 млн теңге, ал 505-бабы бойынша 1,2 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Оның тиісінше 8,9 млн және 900 мың теңгесі өндірілген.

Аудан әкімдігі мен полиция қызметкерлері "Таза Қазақстан" акциясы аясындағы рейдтер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу