Тәжікстан әлемнің "ыстық нүктелері" тізіміне енгізілді

1246

Тәжікстан планетаның экологиялық "ыстық нүктелері" тізіміне енгізілді, өйткені елде экологиялық төтенше жағдайлармен күресу үшін жеткілікті ресурстар жоқ.

Тәжікстан әлемнің "ыстық нүктелері" тізіміне енгізілді Фото: "Адырна" порталы

Бұл туралы "Ферғана" АА Экономика және бейбітшілік институтының жыл сайынғы баяндамасына сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

Агенттік хабарлағандай, жарияланған "Экологиялық қауіп туралы есеп" экологиялық төтенше жағдайлармен күресу үшін ресурстары тапшы елдерді қамтиды.

Құжатқа сәйкес, бүгінгі таңда әлем мемлекеттерінің 56%-ы елеулі экологиялық қатерге ұшыраған.

Зерттеу барысында жалпы халқы 768 миллион адам болатын 27 ел анықталды, олар экологиялық және климаттық қауіптер тұрғысынан планетаның "ыстық нүктелері" ретінде көрсетілген. Орталық Азия бойынша тізімге енген жалғыз ел — Тәжікстан. Сонымен қатар, тізімге Африка мен Таяу Шығыстың 24 елі, Венесуэла мен Ауғанстан кірді.

Баяндама авторларының пікірінше, бұл мемлекеттерде су тапшылығы қаупі мен азық-түлік дағдарысы сияқты экологиялық қауіптер халықтың тез өсуі мен климаттың өзгеруіне байланысты күшейе түседі. Оның салдары жаппай көші-қон мен қақтығыстарға әкелуі мүмкін.

Баяндамада Тәжікстан қазірдің өзінде климаттың өзгеруінен зардап шегіп жатқандығы айтылады. Республикада мұздықтардың еріп, салдарынан су ағыны көлемінің ұлғаюы мен оның маусымдық қолжетімділігінің өзгеруі байқалады. Сарапшылар көп ұзамай су тапшылығы да болуы мүмкін екенін айтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу