Тәжікстан аумағында 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелді

334

Жер асты дүмпуі кеше, 17 қыркүйекте кешкі уақытта болған.

Тәжікстан аумағында 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелді Фото: almaty.tv

Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мамандары Алматыдан 4,5 668 шақырым қашықтықтағы Тәжікстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Жер асты дүмпуі кеше, 17 қыркүйекте кешкі уақытта болған. Бұл жөнінде "СТӘЭ" ЖШС сайты жазды.

"17 қыркүйекте Алматы уақытымен 22:23-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 668 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан", делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 10.3.

MPV магнитудасы: 4,5.

Тереңдігі: 25 км.

Сезілгені туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу