Тәжікстан Қазақстаннан 300 автобус сатып алады

826

Тәжікстан Қазақстаннан 300 автобус сатып алады

Душанбе қаласында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Тәжікстан Республикасына сапары шеңберінде "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ мен "Холдинг Азия Групп Таджикистан" ЖАҚ Тәжікстан Республикасына автобус жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "KazakhExport" - тың баспасөз қызметі. 

Мәміле Алматы облысындағы "Hyundai Trans Auto" ЖШС өндіріс алаңында шығарылған 300 дана сандағы Hyundai County маркалы автобустарын жалпы 19 млн АҚШ долларынан астам сомаға жеткізуді көздейді.

Автобустар Душанбе қаласының автобус автопаркін кеңейтуге арналған және Тәжікстанның қалалық және қала маңындағы бағыттарында пайдаланылатын болады.

"KazakhExport" "Hyundai Trans Auto" ЖШС-не бастапқы кезеңде мәмілені дұрыс құрылымдауға және экспорттық қолдау құралдарын қолдана отырып бұл мәмілені іске асыруға қолғабыс көрсетеді", - деп түсіндірді "KazakhExport" басқарма төрағасы Руслан Искаков.

"KazakhExport"-тың қолдау құралдары Қазақстаннан Тәжікстан Республикасына тауарлар экспорты көлемінің өсуіне септігін тигізеді.

Айта кетсек, 2017 жылғы көктемде "Холдинг Азия Групп Таджикистан" ЖАҚ-ы "KazakhExport" ЭСК" АҚ-ның қолдауымен "Аллюр" КТ" АҚ-мен жалпы құны $10,5 млн болатын 1000 дана JAC автомобильдерін жеткізу жөніндегі келісімшартқа қол қойған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу