Тәжікстан мен Қазақстан сауда айналымын 2 млрд долларға жеткізбек

902

Кездесу барысында қос елдің үкіметі 7 құжатқа қол қойды.

Тәжікстан мен Қазақстан сауда айналымын 2 млрд долларға жеткізбек

Тәжікстан мен Қазақстан сауда айналымын 2 млрд долларға арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен екіжақты келіссөз барысында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қос елдің президенттері тәжік-қазақ қатынастарының негізгі драйверлерінің бірі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту екенін, ол оң үрдіске ие болғанын атап өтті. Мемлекет басшылары үкімет мүшелеріне бес жылда екіжақты сауда көлемін 2 млрд долларға дейін арттыруды және номенклатураны кеңейту үшін 
жаңа тәсілдер енгізуді тапсырды.

Президенттер машина жасау, өнеркәсіп, теміржол және көліктің басқа да түрлері, инфрақұрылым, логистика салаларындағы екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндігін талқылап, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайту және қос ел аумағында көтерме-тарату орталықтарын құру бойынша қажетті шараларды қабылдау керегін атап өтті.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Тәжікстан үкіметі 7 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде Тәжікстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі арасындағы тауарларды дистрибуциялау жүйесін құру бойынша бірлескен жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум бар. Бұл құжат аясында Тәжікстанда тауарлар дистрибуциясы жүйесін құр үшін және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға 500 миллион доллар бөлінеді.

Айта кетейік, Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға ресми сапармен барғаны хабарланып еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу