banner

Тәжікстан мен Жапония СІМ өзара іс қимыл бағдарламасын бекітті

510

Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин мен оның жапондық әріптесі Есимаса Хаяси ведомстволардың ынтымақтастық бағдарламасын бекітті.  

Тәжікстан мен Жапония СІМ өзара іс қимыл бағдарламасын бекітті Фото: tajikistan24.com

Бұл туралы бүгін avesta.tj агенттігі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Кездесу барысында тараптар Тәжікстан мен Жапония арасындағы екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму әлеуеті туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, сұхбаттасушылар "Орталық Азия + Жапония Диалогы" аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында Тәжікстан мен Жапония Сыртқы істер министрліктері арасындағы өзара іс-қимыл бағдарламасына қол қойылды.

Сондай-ақ, Сироджиддина Мухриддинді Сыртқы істер министрінің орынбасары, Жапония СІМ Дипломатиялық қызметіне кадрлар даярлау институтының директоры Акира Муто жеке қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Тәжікстан және Жапония СІМ Дипломатиялық қызметшілерінің біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты нығайту мен кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар тиісті ынтымақтастық туралы құжатқа қол қоюға дайын екендіктерін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу