Тәжікстан Палестина мемлекетінің 1967 жылы бекітілген шекарада құрылуын қолдайды

337

Эмомали Рахмон 11 қарашада өткен Араб елдері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитінде осындай мәлімдеме жасады.  

Тәжікстан Палестина мемлекетінің 1967 жылы бекітілген шекарада құрылуын қолдайды Фото: Reuters

Тәжікстан Газа секторындағы мыңдаған бейбіт тұрғындардың, соның ішінде балалар мен әйелдердің өліміне, көптеген адамдардың жаралануына және маңызды инфрақұрылымның жойылуына әкеліп соққан азаматтық нысандарға жасалған шабуылды айыптайды. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 11 қарашада өткен Араб елдері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитінде осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі ахуал Палестина мәселесінің әскери жолмен шешілмейтінін көрсетіп отыр", – деді ол.

Ол Тәжікстан қақтығыс басталғаннан бері тараптарды зорлық-зомбылықты тоқтатуға және жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздер жүргізуге шақырғанын еске салды.

"Әділ, берік және ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін БҰҰ-ның тәуелсіз Палестина мемлекетін құру туралы қарарын орындау керек. Тәжікстан Палестина мемлекетінің 1967 жылы бекітілген шекарада құрылуын қолдайды", – деді Рахмон.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу