Тәжікстан шекарасына ДАИШ лаңкестері шабуылдаған

955

Тәжікстанда шекара заставасына шабуылдаған қарулы топтың ДАИШ террористері екені белгілі болды.  

Тәжікстан шекарасына ДАИШ лаңкестері шабуылдаған

Аталған елдегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, тергеу кезінде олардың мемлекет шекарасын 3-ші қараша күні бұзып кіргені анықталды, деп хабарлайды Atameken Business

Террористер "Ишкабад" шекара заставасын қолайлы санап, лаңкестік әрекет жасамақ болғанын мойындады. Қазір жедел тергеу тобы тергеп-тексеруді жалғастыруда. Естеріңізге сала кетейік, 6-шы қарашаға қараған түні сағат 3-тер шамасында 20 адамнан тұратын қарулы топ Тәжікстан шекарасына шабуыл жасады. Күш құрылымдарының жедел әрекеті кезінде 15 қылмыскердің көзі жойылып, 5-еуі қамауға алынған. Қақтығыс барысында шекарадағы 1 әскери мен Ішкі істер министрлігінің қызметкері қаза тапты. Осы оқиғадан кейін қазақстандық саясаттанушылар еліміздегі және жалпы Орталық Азия мемлекеттерінің күштік құрылымдары сақадай-сай дайын болу керектігін айтып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу