Тәжікстанда 1,5 мың сиқыршы мен көріпкел ұсталды

767

Тәжікстанда полицейлер көпшілікке өзін көріпкелмін деп таныстырып, ақша тауып жүрген алаяқтар мен сиқырмен айналысатын 1,5 мыңға жуық адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тәжікстанда 1,5 мың сиқыршы мен көріпкел ұсталды Фото: aikyn.kz

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі 2024 жылдың мамыр айынан бері осы науқан аясында барлығы 7,5 мың адам ұсталғанын жеткізді. Олардың ішінде ресми діни білімі жоқ 5 мың молда, сондай-ақ 1,5 мың сиқыршы мен көріпкелдер бар.

2024 жылдың көктемінде Тәжікстан президенті дін өкілдерімен кездесуінде елде оккультизмнің тарағанын айтып, олармен күресуге шақырған. Оның айтуынша, бұл құбылыс "елді құрдымға батырады".

Сәуір айында Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі алаяқтықпен айналысып, өзін емші, көріпкел, сиқыршы және тұмаршы ретінде көрсеткен адамдарға жауапкершілік қарастырылғаны айтылған.

Онда адамдарды алдағандарды 6 айға дейін мәжбүрлі жұмысқа тартуды қарастыратын заңнамаға түзетулер енгізгенін хабарлады.

Сондай-ақ, көріпкелдер мен сиқыршылардың қызметін пайдаланатын азаматтардың арнайы тізімі жасалынбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу