Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсетіледі

615

Сенаторлар "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсетіледі

Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев палатаның пленарлық отырысында келісімнің мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің Тәжікстан Республикасының Үкіметіне әскери мүлікті, атыс қаруына патрондарды, зениттік және миномет артиллериясына оқ-дәрілерді беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету екенін атап өтті. 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында келісімнің 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі әскери мүлікті біздің аумақтан Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласына дейін теміржол көлігімен жеткізу жөніндегі шығысты қамтамасыз ететіні нақтыланған. 

Өз кезегінде Тәжікстан кедендік рәсімдерді ресімдеуге жауапты болады. Сондай-ақ алынған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермеуге міндеттенеді. 

Келісімді ратификациялау мемлекеттер арасындағы әскери салада орныққан достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға негіз болады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу