Тәжікстанда тәуелсіздік күні тойланады

728

Тәжікстанда бүгін ел Тәуелсіздігінің 31-ші мерейтойы атап өтіледі.

Тәжікстанда тәуелсіздік күні тойланады

Бұл күні 1991 жылы Тәжікстан Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылымының кезектен тыс сессиясында "Тәжікстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау туралы" қаулы қабылдауға негіз болған мемлекеттік тәуелсіздік туралы мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz avesta.tj-ға сілтеме жасап.

31 жыл ішінде Тәжікстан 180 мемлекетпен дипломатиялық қатынастар орнатты, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ және БҰҰ сияқты ауқымды ұйымдардың толыққанды әрі белсенді мүшесіне айналды.

Тәуелсіздік күні республиканың бас ту тұғырында мемлекеттік ту салтанатты түрде көтеріледі. Елордада және өңірлерде мерекелік іс-шаралар өтуде.

Президент Эмомали Рахмон саяси көшбасшылардың құттықтауын қабылдады. Алғашқылар қатарында Ресей Президенті Владимир Путин құттықтады. 

"Ресей мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық әріптестік пен одақтастық жолында қарқынды дамып келеді. Түрлі бағыттардағы екіжақты кооперация, сондай-ақ ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл жақсы нәтиже беруде", – делінген Ресей Мемлекет басшысының Жолдауында.

Ол ел Президенті Рахмонға мықты денсаулық пен мемлекеттік қызметіне табыс, ал Тәжікстан азаматтарына бақыт пен өркендеу тіледі.

Динара Мұрат

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу