Тегеранда 2 аптаға ғана жететін су қалды

163

Иран астанасында жан-жануар тұрмақ, адамдар тіршілік нәрінен тарығып отыр.  

Тегеранда 2 аптаға ғана жететін су қалды Фото: energycentral.com

Өйткені көктен тамшы тамбай тұр. Жауын мөлшері тым аз. Бұл кейінгі 100 жылда болмаған жағдай, деп жазады inbusiness.kz сайты "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап. 

Қазір тоғандар мен жерасты қоймалары құрғап қалған. Жағдайдың ушыққаны сонша, билік өкілдері бас қаланы көшіруге бекініп отыр. Жауын-шашынның азаюынан өзен-көлдер тартылып, қоймалардағы су күрт төмендеген. Салдарынан халықтың күнделікті тіршілігі айтарлықтай қиындады.

Тегеранды ауызсумен қамтамасыз етіп отырған басты қойма Амир Кабир бөгетінде осыдан бір жыл бұрын 86 млн текше метр су болатын. Ал қазір онда небәрі 14 миллион текше метр су қалған. Бұл қаланы небәрі 2 апта сумен қамтамасыз етуге жетеді. Ал шаһар тұрғындары тәулігіне шамамен 3 млн текше метр су қолданады. Демек көп ұзамай 10 миллионға жуық халқы бар мегаполис тіршілік нәрінен біржола қол үзуі мүмкін. Қазір Тегеранда тұрғындарға ауызсу беру шектелді. Шара су ресурстарын қысқа мерзімге болса да, үнемдеуге мүмкіндік береді.

Иран билігі Тегарандағы су тапшылығы мәселесін шешу үшін белді бекем буып отыр.

Мемлекет басшысы Масуд Пезешкиан: "Қараша айының соңына дейін жауын жаумаса, шаһар халқын көшіруге тура келеді", – дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу