Тегерандағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

386

Қазақстан Иран елінде қауіпсіздік шараларын күшейтпейді. 

Тегерандағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ Фото: gov.kz

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ирандағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың жоқ екенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Иранға қатысты айтар болсақ, зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Елшілікке ондай ақпарат келіп түскен жоқ", - деді СІМ өкілі.

Әзербайжан билігі Тегераннан елшіліктегі өзінің қызметкерлерін елге қайтарды, осы тұрғыда журналистер Қазақстан қауіпсіздік шараларын күшейту мүмкінідігіне қатысты пікір білдіруді сұрады.

"Қосымша қауіпсіздік шаралары қарастырылған жоқ, себебі оны жеке жағдай деп түсінеміз. Егер де Тегеран да басқа да елшіліктерге бірнеше шабуыл жасалса, жағдай басқа болар еді. Елшілік қалыпты, штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп жауап берді А.Смадияров.

2023 жылдың 27 қаңтарында Баку уақыты бойынша сағат 08.30 шамасында (Астана уақытымен 10.30) Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне қарулы шабуыл жасалғанын еске саламыз. 

Шабуылдаушы күзет бекетіне Калашников автоматынан оқ жаудырған, қауіпсіздік қызметінің бастығы өлтірілді. Елшіліктің екі күзетшісі де жараланды.

Бүгін Әзірбайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов журналистерге Әзербайжан Иранмен дипломатиялық қатынасты толығымен үзгенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу