Тегін дәріге жалған тапсырыс беруге қатысты 28 адам жауапқа тартылды

868

 Жергілікті ауруханалар мемлекет есебінен өтірік тапсырыс беріп, оны кейін сатып отырған

Тегін дәріге жалған тапсырыс беруге қатысты 28 адам жауапқа тартылды

Тегін дәріге артығымен тапсырыс беріп, бюджетке 80 млрд теңгеге шығын келтіргендер жазалануда, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жеткізді.

Айтуынша, былтыр тегін таратылуға тиіс 500 препарат түріне аймақтардан тапсырыс түсіпті. Бірақ тексеру барысында оның 70 пайызы жалған тапсырыс болып шыққан. Яғни, жергілікті ауруханалар мемлекет есебінен өтірік тапсырыс беріп, оны кейін сатып отырған. Қазір осы деректер бойынша 28 адам жауапқа тартылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу