АҚШ-та жойқын су тасқынынан 119 адам қаза тапты

126

Жүздеген адам із-түзсіз жоғалып кетті. 

АҚШ-та жойқын су тасқынынан 119 адам қаза тапты Фото: AP

АҚШ-тың Техас штатында су тасқыны салдарынан 119 адам көз жұмып, 161 адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Ең қатты зардап шеккен Керр округінде кемінде 161 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Олардың арасында бес қыз бен Гваделупе өзенінің жағасындағы жазғы лагерьдің бір тәлімгері бар.

Техас штатының губернаторы Грег Эбботт сейсенбі күні штат бойынша 173 адамның жоғалып кеткенін мәлімдеді. Су тасқыны құрбандарын еске алу үшін 14 шілдеге дейін Техас туы төмен түсірілді.

Нью-Мексико штатының билігі хабарлағандай, Руидозо елдімекенінде нөсер жауын салдарынан болған селден үш адам қаза тапты.

АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметінің дерегінше, соңғы он жылда елде су тасқынынан жыл сайын орта есеппен 113 адам қайтыс болған. 

Айта кету керек, бұған дейін Техаста су тасқынынан 82 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу