"Техника нашар" – орман өртіне биылғы дайындық "қанағаттанарлық"

709

Былтыр ірі орман өрті Қостанай мен Алматы облысы аумағында болды. Жалпы республика бойынша 167,4 мың га алаңда от тұтанды (751 факт). Оның себептері қандай?  

"Техника нашар" – орман өртіне биылғы дайындық "қанағаттанарлық"

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов бүгінгі Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қызметтік тексерулер жүргізілген. Тергеу қорытындылары бойынша ірі өрттердің таралуының негізгі себептері келесідей:

Бірінші. Орман иелерімен өрт сөндіру шаралары уақтылы қолға алынбаған;
Екінші. Қосалқы ұйымдардың косымша күш беруінің кешіктірілуі, өртті сөндіру іс-қимыл жоспары соңына дейін пысықталмаған;
Үшінші. Шалғай жерде, баруы қиын жерде орналасуы, өрт шыққан жерден тұрақты радиобайланыстың болмауы және орман күзетінің техника және құралдармен нашар жабдықталуы.
Төртінші. Дала өртінің мемлекеттік орман қоры жерлеріне таралуы. 

Өрт туралы уақытылы жарияламау, ақпаратты жасырғаны, ірі орман өрттеріне жол бергені үшін мемлекеттік орман күзетінің 188 қызметкері жауапкершілікке тартылды.

Ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 9,8 млн теңге сомасында 353 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

"Орман мекемелерінің өрт қауіпті маусымына қанағаттанарлық дайындығы бар екені анықталды. Сонымен қатар орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасының нашарлығы анықталып отыр, нормативтік базаның 68% пайызын құрайды. Орман орналастыру материалдарына сәйкес орман өртін бақылау мұнаралары жоқ. Жергілікті бюджеттен орман қорғау мекемелері үшін өртке қарсы техника мен жабдықтар сатып алуға бөлінетін қаржыландыру  тым жеткіліксіз болып отыр", – дейді министр.

Министрлікке ведомстволық бағынысты табиғат қорғау мекемелерінде де жағдай ойдағыдай емес. Техникамен және жабдықтармен жарақтандырылу 73%-ды құрайды ("Іле-Балқаш" (Алматы обл) және "Алтын-Дала" (Қостанай обл) МТР бойынша жарақтандырылуы 26%-ды құрайды, бұдан басқа Науырзым МТҚ (Қостанай обл) бойынша жарақтандырылуы 47%).

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу