Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында чемпионат өтуде

867

Бір ай бұрын елордада басталған "WorldSkills Kazakhstan" республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты Атырауда жалғасын тапты, деп хабарлайды Atameken Business.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында чемпионат өтуде

Техникалық және кәсіптік колледж студенттері арасындағы мықтыларды анықтайтын жаһандық жоба еліміздің 8 өңірінде ұйымдастырылды. Жарыс өз ісінің үздіктерін анықтап, шеберлік дағдыларын  көрсетуге мүмкіндік береді.

Додаға жалпы 70 мамандық бойынша 700 жас қатысты.

Атырау аймағына 17 облыстан 40-қа жуық студент жиналып, 5 мамандық бойынша шеберліктерін көрсетуде. Сайыс 4 күнге жалғасып, шымылдығы Нұр-Сұлтан қаласында жабылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу