Текелі қаласында 11 жастағы қызды экскаватор таптап кетті

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Текелі қаласында 11 жастағы қызды экскаватор таптап кетті Фото: ЖИ

Өкініштісі сол, оқушы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы жағдай Жетісу облысы, Текелі қаласында тіркелген. Кішкентай қыз жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, оны Volvo маркалы доңғалақты экскаватордың жүргізушісі қиылыстан өту кезінде қағып кеткен. Алған жарақат салдарынан қаршадай қыз бала көз жұмды.

– Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, – деп хабарлады Жетісу облысы Полиция департаменті.

Полиция жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда барынша мұқият болуға, бағдаршам белгілерін қатаң сақтауға және жолдағы жауапкершілік пен сақтық адам өміріне тікелей әсер ететінін ұмытпауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу