Оның алдын ала нәтижелері Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың қатысуымен өткен кеңесте жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 31 әуе кемесін тексеріп, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған. Соның салдарынан жеті ұшақтың пайдаланылуы анықталған кемшіліктер толық жойылғанға дейін тоқтатылды.
Сонымен қатар, авиациялық әкімшілік жалпы мақсаттағы авиация операторларының қызметін әрі қарай қадағалайтынын, оның ішінде заңсыз ұшулар туралы азаматтардың өтініштері мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға мониторинг жүргізетінін мәлімдеді.
– Соңғы уақытта Instagram, TikTok және Telegram желілерінде "эксклюзив", "экскурсия" деген атаумен жарнамаланған жеке ұшақ рейстері жиілеп кетті. Олардың басым бөлігінде арнайы рұқсат жоқ. Қазақстан заңнамасына сәйкес, жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларына ақылы немесе жалдамалы тасымалдар мен авиациялық жұмыстарды орындауға тыйым салынған, – делінген министрлік хабарламасында.