Теледидар бір жылда 4%-ға арзандады, бірақ жөндеу қызметі 20%-ға қымбаттады

415

Қалалық жерлерде отбасылардың 99,9%-ында, ауылдық жерлерде 100%-ында теледидар бар.

Теледидар бір жылда 4%-ға арзандады, бірақ жөндеу қызметі 20%-ға қымбаттады Фото: vitvesti.by

 

2022 жылы 11,7 мың үй шаруашылықтары арасында жүргізілген ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының сауалнамасына сәйкес халықтың теледидармен қамтамасыз етілуі 99,9%-ды құрады, деп жазады Inbusiness.kz.

Қалалық жерлерде отбасылардың 99,9%-ында, ауылдық жерлерде 100%-ында теледидар бар. ҚР-дағы әрбір 100 үй шаруашылығына орта есеппен 115 теледидар келеді.

Өңірлік бөліністе Қарағанды (99,9%), Ақтөбе (99,8%) және Ақмола (99%) облыстарын қоспағанда, барлық дерлік облыстарда теледидармен қамтамасыз ету 100% құрады. Өткен жылы сол кездегі 17 өңірдің ішінен Қарағанды (99%), Ақмола және Қостанай (99,8%) облыстарының үй шаруашылықтары толық теледидармен қамтамасыз етілмеген еді. 

Тұрғын үйді абаттандыру түрі ретінде телехабар тарату түріне келетін болсақ, сауалнамаға қатысқан үй шаруашылықтарының 43,3%-ы (бір жыл бұрын 40,3%) кабельдік теледидар қызметін пайдаланды. Отбасылардың тағы 32,2%-ы спутниктік теледидар қызметтерін (2021 жылы 32,6%), 24,5%-ы эфирлік теледидар қызметтерін (бір жыл бұрынғы 27,1%-ға) пайдаланды.

Өңірлік бөліністе спутниктік теледидар қызметтерін көбінесе Алматы (үй шаруашылықтарының 65,3%), Жамбыл (54,9%) және Солтүстік Қазақстан (54,9%) облыстарының тұрғындары, ең аз дегенде - астаналықтар (барлығы 3,7%) пайдаланды.

Кабельдік теледидар Алматы (84,5%), Астана (76,3%) және Павлодар облысының (65,6%) тұрғындары арасында танымал болды, ал ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында (үй шаруашылықтарының тек 1,1%) байқалды.

Эфирлік теледидар көбінесе Ақтөбе (94,5%), Түркістан (73,6%) және Қызылорда (49,1%) облыстарының тұрғындарында, ал Маңғыстау облысында (үй шаруашылықтарының тек 0,4%) жоқ есебінде.

Осы жылдың шілде айының қорытындысы бойынша теледидарлар бір жылда 4,1%-ға арзандады, ал оларды жөндеу қызметі бірден 19,8%-ға қымбаттады. Кабельдік теледидар қызметтері 3,1%-ға арзандады, спутниктік теледидар қызметтері, керісінше, 6,9%-ға қымбаттады.

Еліміздің әр өңірінде: Алматы және Ұлытау облыстарында — 4,6%-ға, басқаларында — 4%-ға арзандау байқалды.

Маңғыстау облысында теледидарларды жөндеу қымбаттады: жылына бірден 59% - ға. Бағаның айтарлықтай өсуі Алматыда (49,4%-ға) және Батыс Қазақстан облысында (34,8%-ға) байқалды.

Елімізде кабельдік теледидар қызметі орташа алғанда арзандады, алайда ҚР 20 өңірінің алтауындк қымбаттағаны байқалады, ал тағы 11-інде бағалар өткен жылдың деңгейінде қалды. Бағаның ең жоғары жылдық өсімі Павлодар (жылына 8,7%-ға), Ұлытау (6,3%-ға) және Жамбыл (5,2%-ға) облыстарында байқалды. 

Тек Алматыда баға біршама арзандады: жылына 10%-ға. Шығыс Қазақстан облысында да бағалар төмендеді: 1,3%-ға.

Спутниктік теледидар қызметтерінің бағасы ҚР 20 өңірінің алтауында бұрынғы деңгейде қалды, ал қалғандарында өсті. Ең жоғары қымбаттау Атырау (жылына 36,1%-ға), Абай (19,6% - ға) және Шығыс Қазақстан (18,5% - ға) облыстарында тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу