Елордада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды

667

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Елордада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды Фото: 24.kz/ЖИ

Автобус жүргізушісі көлік құралын басқарып келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жүргізуші оқиға кезінде ұялы телефон арқылы сөйлескен отырғаны анықталды. Жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Сот үкімімен оған 2 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу