"Телефоныңыздан қоңырау шалып алайыншы": Оралда ер адамды 720 мың теңгеге алдап кетті

133

Орал қаласында ер адам бөгде адамның атына несие рәсімдеген, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.

"Телефоныңыздан қоңырау шалып алайыншы": Оралда ер адамды 720 мың теңгеге алдап кетті Фото: canva

Полиция басқармасына қаланың 61 жастағы тұрғыны жүгінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол өзінің атына бөгде адамның несие рәсімдегенін айтқан.

"28 қаңтарда 1997 жылы туған күдікті Орал аумағында ер адамнан "қоңырау шалу" деген сылтаумен ұялы телефон сұраған. Жәбірленушінің сеніміне кіре отырып, қаскүнем оның атына 725 362 теңге сомасында қашықтан несие рәсімдеген", – дейді полициядағылар.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу