Telegram мессенджерінде жаңа функциялар пайда болды

430

Android пен iOS үшін Telegram-ның соңғы бета-нұсқасына жеке профильді, топты немесе арнаны өз қалауынша әрлеуге мүмкіндік беретін Аватар құрастырушы қосылды 

Telegram мессенджерінде жаңа функциялар пайда болды Фото: google

Конструктор Аватар ретінде градиент фонында қолданушының қалауымен әрленген анимациялық эмодзилерді немесе стикерлерді орнатуға мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Арнайы эмодзилерді таңдау тіпті Telegram Premium жазылымынсыз пайдаланушыларға қол жетімді болады.

Сондай-ақ, бета нұсқаларында эмодзилер бірнеше санатқа бөлінген. Бұл қойынды эмодзи, стикерлер, GIF, реакциялар мен статустар тақтасындағы іздеу жолағында орналасқан. Аталмыш өзгеріс мағынасы бойынша қажетті эмодзилер мен стикерлерді табуды жеңілдетуге арналған.

Сонымен бірге, мессенджерде чаттағы немесе арнадағы барлық хабарламалар мен жариялымдарды автоматты түрде аудару мүмкіндігі пайда болды. Бұл мүмкіндік Telegram Premium пайдаланушыларына қолжетімді болады. Егер экрандағы хабарламалар жүйеден басқа тілде жазылса, сәйкес батырма пайда болады.

Жоғарыда аталған өзгерістер тұрақты түрде Telegram құрылымдарында қашан пайда болатыны әлі белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу