Телемедицина мен қашықтықтан диагноз қоюды енгізу керек – Тоқаев

687

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру мақсатында өзгерістер жасалу қажеттігін айтты.

Телемедицина мен қашықтықтан диагноз қоюды енгізу керек – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар халықты инфекциялық бақылау үшін жаңа тәсілдері енгізілу керектігін алға тартты.

"Бізге денсаулық саласынының сапасын арттыру мақсатында түбегейлі өзгерістер жасап, медициналық мекемелерді технологиялық жабдықтармен толыққанды қамтамасыз етіп, медицина қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіруі керек. Денсаулық саласының кез келген төтенше жағдайда шұғыл әрекет ете білуге тиіс. Телемедицина мен қашықтықтан диагноз қоюды енгізу керек. Ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту жұмыстары атқарылады", – деді Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Үкіметке биологиялық қауіпсіздік Кеңесін құрып, осы мақсатта ғалымдар мен сарапшыларды жұмылдыруға тапсырма берді. Елдегі барлық оқу орындарының толықтай цифровизацияланып, заманауы қашықтық технологиялар енгізілу қажет екенін тілге тиек етті. Және ол үкіметтің, министрліктердің, әкімдіктердің отырыстары мен жиындарын қашықтықтық форматта өткізу туралы ұсыныс жасады. 

"Бизнес пен мемлекет арасындағы байланыс толықтай цифрлық форматқа ауысады. Ол үшін мемлекеттік қызметті алу процестері цифрлық форматқа көшіріледі. Экономика мен қоғамды цифровизациялау процесіне жаңа леп беру өте маңызды", – деді мемлекет басшысы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу