Темекі 12%-ға қымбаттады

547

Республика бойынша бір қамтаманың орташа бағасы – 484 теңге.

Темекі 12%-ға қымбаттады

2020 жылдың қаңтар-шілде айларында елімізде 7,2 млрд шылым, сигара және өзге де темекі өнімдері шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5,5%-ға жоғары, деп хабарлады energyprom.kz.

Қазақстанда тәулігіне жалпы сомасы 84,7 млрд теңгеге өнім шығарылған. 
2019 жылы 17,4 млрд қаптама әзірленген еді. Яғни, өткен жылы көрсеткіштер 2018 жылмен салыстырғанда 4,1%-ға төмен деген болатын. 

2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар еліміздегі сұраныстың 74,3%-ын  қанағаттандырған. 2019 жылы жергілікті өндірушілер нарықтың 32,6%-ын ғана қамтыған. Ал биыл импорттық өнімдер 25,7%-ды құрады. Яғни, сырттан келетін шылым көлемі 5,4 есе қысқарған. Бұған қоса отандық кәсіпорындар шығарған өнімдерінің 15,1%-ын экспорттаған. 

Ішкі нарықта бөлшек саудадағы темекі қаптамасының орташа бағасы 483,5 теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 11,7%-ға жоғары. Еліміздегі ең қымбат шылым өнімдері Ақтөбеде тіркелген. Мұнда бір қаптаманың құны 525 теңге. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу