Темекі бағасына қосылатын акциз ұлғайтылады

717

2024 жылы темекіге акциз (салық) кемінде 28 евро деңгейінде белгіленеді деп болжанып отыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Темекі бағасына қосылатын акциз ұлғайтылады

"Еуразиялық экономикалық одақ аясында темекі өнімдеріне арналған акциздердің мөлшерлемелерін үйлестіру жөніндегі міндеттемелер қабылданды. 2024 жылы темекіге акциз кемінде 28 евро деңгейінде белгіленуге тиіс. Міндеттемелерді орындау үшін темекіге акциздерді кезең-кезеңімен көтеру ұсынылады", – деді.

Оның айтуынша, темекі өнімдерінің басқа түрлері бойынша, соның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдерге акциздерді кезең-кезеңімен ұлғайту ескерілген.

Айта кетейік, акциз деген – тұтыну тауарларының және көрсетілетін қызметтердің бағасына қосымша салынатын салықтың бір түрі. Акцизді дүкенге барғанда байқамай қалуымызда мүмкін, өйткені акциз тауарлардың бағаларына қосылған.

Мемлекет акцизді, барша тұтынатың тауарларға емес, пайдаланбаса да бола алатың тауарларға қолданады. Мысалы, темекі, арақ, шарап, т.с.с тауарларға.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу