Темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады

1424

Заң талабын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға қомақты айыппұл салынады.

Темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады

Қазақстанда темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ИИДМ дерегінше, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды (темекі өнімдері) жарнамалап сатуға тыйым салынатынын ескертеді.

Жаңа талап "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 110-бабы 2-тармағы 16-тармақшасы бойынша реттеледі.

Бүгінде сауда желілерінде заңның аталға нормасы жүйелі түрде бұзылатыны анықталған.

"Осыған байланысты, Сауда министрлігі әкімдіктерге, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына, сауда желілері одағына, сауда кәсіпорындары мен шағын маркеттер қауымдастығына сауда қызметі субъектілерінің назарына түсіндіру ақпаратын жеткізу, темекі өнімдерін орналастыру және сату кезінде заңнаманы бұзуға жол бермеу мақсатында қажетті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хат жолдады", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар темекі өнімдері туралы ақпарат сатып алушылардың назарына мәтіні бір сауда орнына көлемі 40х30 см-ден аспайтын ақ фонда қара түсті бірдей мөлшердегі әріптермен жазылуы шарт.

Министрлік заң талабын орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

"Ақпарат туралы, темекі және темекі бұйымдары туралы, темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды өндіру, сату және тарату жөніндегі заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің (ӘҚБтК) 198 және 199-баптары шеңберінде әкімшілік жауапкершілік көзделеді", – деп жазылған хабарламада.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 198-бабы бойынша істерді қарау ішкі істер органдарының құзыретіне, 199-бабы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады.

198-бапты бұзғаны үшін айыппұл санкциялары кәсіпкерлік субъектісінің нысанына және заңбұзушылықтардың қайталануына байланысты 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін (29 710 теңгеден 297 100 теңгеге) және 199-бапты бұзғаны үшін 15-тен 120 АЕК (43 755 теңгеден 350 040 теңгеге дейін) айыппұл салу көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу