Темекіге сұраныс азайған

717

Ұн өндірісі 800 мың тоннаға түсті.

Темекіге сұраныс азайған

Жыл бойы мұнай бағасы мың құбылғанына қарамастан, былтыр қазақстандық өндірушілер көлемді арттыра берген. Табиғи газ бен металл кені де 2018 жылғы мөлшерден көп алынған. Статистика комитеті өткен жылғы өнеркәсіп саласының негізгі көрсеткіштерін жариялады. 

"Саладағы жалпы өсім 103,8%-ға жеткен. Мұнай, газ, металл үштігінен бөлек сусын өнімдері, дәрі-дәрмек пен машина өндірісінің көлемі өсті. Ал тамақ өнімі мен темекі бұйымдарының өндірісі төмендеген. Өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде байқалды", – делінген Комитеттің ресми сайтында.

Оған сенсек, мұнай мен газдың, мыс кендері мен тазартылған мыстың, бензин мен дизельдің, цемент пен электр энергиясының өндірісі 2018 жылғы көрсеткіштен жоғары. Ал ұн мен металл илегі 20% аз өндірілген. Атап айтсақ, 2019 жылы 3,3 млн тонна ұн өндірілген екен. Бұл 208 жылғы көрсеткіштің 87%-ы деген сөз. Яғни, бір жыл бұрын бұдан 493 мың тонна көп ұн алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу