Теміртау қаласында 90 отбасы баспаналы болды

1036

Тағы екі көпқабатты үйдің құрылысы басталмақ.

Теміртау қаласында 90 отбасы баспаналы болды

Теміртау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 90 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды 24.kz.

Жалдамалы пәтерлер бюджеттік мекеме қызметкерлеріне, жетім балаларға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларға үлестірілді.

Бұл – соңғы бес жылда қалада салынып отырған алғашқы үй. Жергілікті билік өкілдері қаңырап бос қалған ғимаратты "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша аз уақытта қалпына келтіріп, мұқтаж жандардың қажетіне жаратты. Дей тұрғанмен, шаһарда үй кезегінде тұрған әлі де 6 мыңға жуық адам бар. Сондықтан биыл мұнда тағы екі бірдей көпқабатты үйдің құрылысы басталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу