Теміртау ЖЭО-2-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді

Тексеру қорытындысы бойынша күл ұстайтын қондырғыларды жөндеу және бу қазандықтарының өнімділігін арттыру бойынша тиісті нұсқама берілді.  

Теміртау ЖЭО-2-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді Фото: ortcom.kz

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментіне Теміртау қаласының әкімдігі ағымдағы жылыту маусымы басталғаннан бері тіркелген "Арселор Миттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2 бойынша жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтамау жағдайларына байланысты жүгінді.

"Осы факт бойынша 2022 жылғы 28 желтоқсаннан 2023 жылғы 09 қаңтарға дейін Департамент электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 2023 жылғы 10 қаңтарда тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою, атап айтқанда, Теміртау қаласының тұтынушыларын сенімді жылумен қамтамасыз ету үшін күл ұстайтын қондырғыларды жөндеу және бу қазандықтарының өнімділігін арттыру бойынша тиісті нұсқама берілді", – деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу