Теміртауда 200 шақырымнан астам жылу желісі жаңартылады

124

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс сапары барысында Теміртаудың жылыту маусымына дайындығын тексерді.  

Теміртауда 200 шақырымнан астам жылу желісі жаңартылады Фото: gov.kz

Шағын қалада жылыту маусымын тұрақты өткізу әлі де өзекті мәселе, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Ескі қаланы жылумен қамтамасыз ететін КарГРЭС-1 жұмысына апаттар, жабдықтардың жоғары деңгейде тозуы және температуралық режимнің бұзылуына байланысты сын айтылған еді.

Қазіргі таңда жағдай біртіндеп тұрақталып келеді, кәсіпорында жөндеу басталды.

"№9 қазандық толық жөндеуден өтті, қазір №11 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатыр. Одан кейін №10 қазандыққа күрделі жөндеу бастаймыз. Жаз мезгілінде екі турбинаға ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл жабдықтардың сенімділігін арттырып, алдағы жылыту маусымында станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді КарГРЭС директоры Жандос Медеуов.

Ермағанбет Бөлекпаев барлық жұмыстың қатаң кесте бойынша жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.

"Жүктеме ең жоғары кезеңдерде қуат резерві болуы үшін барлық жөндеу жұмыстарын барынша толық жүргізу қажет. Әрбір жұмыс тұрақты бақылауда болуы тиіс. Негізгі міндет – станцияны "қызыл аймақтан" шығару", – деді өңір басшысы.

Теміртауда жылыту маусымына дайындық жоспарлы режимде жалғасып жатыр. "Оқжетпес-Т" жылумен жабдықтау ұйымымен бірлесіп, 2026–2028 жылдарға арналған жылу желілерін жөндеу бағдарламасы әзірленген. Бағдарлама үш кезең бойынша қаланың 200 шақырымнан астам жылу желісін жаңартуды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу