Теміртауда 6 шағын аудандағы көпқабатты тұрғын үйлер жылусыз отыр

567

Қалада 60-қа жуық көпқабатты тұрғын үй қыс мезгіліне дайын болмай шыққан. 

Теміртауда 6 шағын аудандағы көпқабатты тұрғын үйлер жылусыз отыр

Қала әкімдігі жылу желілерін ұстауға жауапты мердігер ұйымда қызметкерлер жетіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz KazTag агенттігіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан тепломагистральда апат болған.  Бұл оқиға болған "Талис"  дүкені маңындағы учаскеде жүргізілген жоспарлы жұмыстарды қалалық Тұрғын-үй коммуналдық басқарма  қабылдамаған. Сондықтан алты шағын аудандағы 58 көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары жылусыз қалған.

"Жұмыс жалғасуда. Қысқа мерзімде апат болған аудандағы ақауларды жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. "Оқжетпес-Т" ЖШС басшысының алдына жылу болмаған кезде аталған аудан тұрғындарына төлем есептемеу міндеті қойылды", - деді Теміртау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ринат Қыдырбеков.

Жексенбіде Теміртауда  қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы -4 +4 шамасында болады деп күтілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу