Теміртауда аулаға ескі жиһаз тастаған тұрғынның көлігі айыптұраққа қойылды

194

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.  

Теміртауда аулаға ескі жиһаз тастаған тұрғынның көлігі айыптұраққа қойылды Фото: gov.kz

Теміртауда бейнебақылау камералары аулаға тұрмыстық қалдық тастаған көлік жүргізушісін анықтауға көмектесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға "Таза Қазақстан" аясында полицияның тұрақты бақылауы кезінде тіркелді.

Қалалық бейнебақылау жүйесіне түскен кадрлардан 25 жастағы Mitsubishi Lancer жүргізушісінің тұрғын үй ауласына ескі жиһаз тастағаны анықталды.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Қоқысты заңсыз жерге тасымалдап, төгу үшін пайдаланылған автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Полиция тұрғындарға абаттандыру талаптарын сақтап, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамауды ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу