Теміртауда жолаушылар автобусы ағашқа соғылып, жүргізуші көз жұмды

248

Оқиға салдарынан 64 жастағы жүргізуші қаза тапты.

Теміртауда жолаушылар автобусы ағашқа соғылып, жүргізуші көз жұмды Фото: Бейнежазбадан

14 қараша күні сағат 10:30 шамасында Теміртау қаласында жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына ұшырады. Yutong маркалы автобус жол жиегіндегі ағашқа соғылып, 64 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның алдын ала мәліметінше, автобус жүргізушісі қозғалыс кезінде кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Соның салдарынан көлік басқарусыз қалып, ағашқа соғылған.

Оқиға кезінде автобустың ішінде шамамен 15 жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу