Теміртауда экологиялық инспектор пайда болды

926

Теміртау республика бойынша ең ластанған қалалардың біріне айналды. Осы мәселеге алаңдаған Экология министрлігі мұндағы жағдайды ерекше бақылауға алатын инспектор тағайындады.

Теміртауда экологиялық инспектор пайда болды

"Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қарағанды облысының Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторы Абылай Қабдырашты қабылдап, жас маманға өңірдегі экологиялық проблемалар мен қоршаған ортаға қатысты құқықбұзушылықтар туралы мәліметтерді жедел жеткізіп отыру қажеттігін айтты", – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстанда бұрын жекелеген қалаларда экологиялық инспектор деген болмаған. Теміртау қаласының экологиялық жағдайы нашарлауына байланысты осындай арнайы маманды тағайындауға тура келген.

Мамандардың пікірінше, қала ауасының ластануына "Арселор Миттал Теміртаудан" шығатын зиянды зат көп әсер еткен. Сондықтан жаңадан іске кіріскен мемлекеттік экологиялық инспектор осы кәсіпорынмен тығыз байланыс орнатып, жұмыстарын бақылауға алады.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ зиянды қалдықтарды азайту үшін 23 іс-шара атқаруы тиіс. Сонымен бірге қалада 500 мың ағаш отырғызу туралы келісім жасалған", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу