Теміртауда Qarmet компаниясының стратегиялық сессиясы өтіп жатыр

377

Екі күндік сессияда Qarmet бөлімшесінің барлық жұмыстары егжей-тегжейлі қамтылады.

Теміртауда Qarmet компаниясының стратегиялық сессиясы өтіп жатыр Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Теміртауда Qarmet компаниясының стратегиялық сессиясы ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оған компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері – Болат, Темір рудасы және Көмір департаменттері басшылығы қатысып жатыр.

Сессияның 2024 жылғы мақсат мен міндеттерге назар аударуын диалог алаңының модераторы – McKinsey&Co компаниясының бұрынғы серіктесі және "Триада" компаниясының басқарушы серіктесі Сергей Заборов белгіледі:

"Qarmet-те болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарларды синхрондау аса маңызды. Осыған іске жұмсаған біздің уақытымыз бұл компанияның үлкен инвестициясы. Мен бұл уақытты біз тиімді пайдаланамыз деген сенімдемін", - деді ол.

Компанияның бас директоры Вадим Басин барлық өндірістік жоспарларда биыл көңіл көншітер сандар бар екенін атап өтті:

"Металлургия өндірісін 13%-ға 3,3 млн тоннаға дейін, темір кені концентратын өндіруді 10%-ға 2,5 млн тоннаға дейін арттыруды көздеп отырмыз. Алайда көмір өндіру көлемін 2%-ға төмендетуді қабылдадық. Айта кету керек, 2023 жылы компанияның өндірістегі көрсеткішіне сын тағылды. Енді біз оң нәтижеге қол жеткізуіміз керек", -  деді Вадим Басим.

Стратегиялық сессия екі күнге созылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу