Теміртауда жүргізуші 73 жастағы зейнеткерді қағып кетті

184

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр.

Теміртауда жүргізуші 73 жастағы зейнеткерді қағып кетті Фото: видеодан алынған кадр

Теміртау қаласының 8-ші шағын ауданында 23 жастағы Nissan Cefiro автокөлігінің жүргізушісі тұрақтан кері жүріп шыққанда 73 жастағы әйелді соғып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен әйел оқиға орнында көз жұмды.

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерді, әсіресе аула мен тұрақта маневр жасағанда, барынша сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу