Теміртаудағы ЖЭО-1 стансасына 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

623

Экологтар жылу энерго орталығының қоршаған ортаға залал келтіргенін анықтаған.

Теміртаудағы ЖЭО-1 стансасына 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды Фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысының экология департаменті Теміртау қаласындағы ЖЭО - 1 стансасына жоспардан тыс тексеріс өткізген.

Тексеру барысында ашық күл үйіндісінің ауаға бейорганикалық шаңды рұқсатсыз шығару учаскелері бар екені анықталды. Жылу энерго орталығы ашық жерге күл қоқыстарды рұқсатсыз тастай берген. Осы алаңда кеуіп қалған күл қоқыс ауаға ұшып қоршаған ортаға залал келтірген. Бүгінде жылу энерго орталығына айыппұл салынған.

“Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 90, 206, 395-баптарының талаптарын бұзғаны үшін "Bassel Group LLS" ЖШС ГРЭС-1 баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 327-1 баптың 1-бөлігі. 328, 332-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 5 589 000 теңгені құрады.

Оларға 30.06.2023 жылға дейін бұзушылықтарды жою, су деңгейін тиісті белгіге дейін көтеру туралы ұйғарым шығарылды.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта "Bassel Group LLS" ЖШС заң бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз, атап айтқанда, шаң басқан бетті толтыру үшін күл үйіндісінің су деңгейін арттыру жұмыстары жүргізілуде”,- деп хабарлады Қарағанды облысының Экология Департаменті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу